АймақЖаңалықтар

Қарқаралы тауларынан төрт турист құтқарылды

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, төрт турист (үш ер адам мен бір әйел адам) тауға шыққан. Теңіз деңгейінен шамамен 200 метр биіктікке шыққан олар өздігінен төмен түсе алмағандықтан құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

Суреттер: ТЖД

– Қарқаралы ауданының құтқарушылары тез арада көмекке келді. Шыңға көтеріліп, туристерді төмен түсірді. Құтқарылған адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ, – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар департаменті тауда жүрген туристерді барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button