Жаңалықтар

Қарқаралы гарнизоны өрт сөндірушілерінің арсеналы жаңа автоцистерналармен толықты

Қарқаралы гарнизоны бөлімшелерінің жауынгерлері КамАЗ базасында жаслған жаңа буын автоцистерналары бар машиналар мен «Ермак» жылжымалы өрт модульдерін алды.

Сурет: ТЖД

Техника Қарқаралы қаласының № 16 өрт сөндіру бөлімінің және Егіндібұлақ ауылының № 27 өрт сөндіру бекетінің қарамағына берілді. Өрт сөндіру цистерналарына 5 тоннаға дейін су және 300 литр көбік сияды. Олар жақсы жабдықталған және жылдам.

– Біздің қызметтің басты міндеті – халықты, нысандар мен мүлікті өрттен қорғау, төтенше жағдайлар кезінде уақтылы көмек көрсету, – дейді Қарқаралы ауданы ТЖБ бастығы Руслан Ешмағанбетов. – Сондықтан бізге жоғары өтімді техника, заманауи өрт автоцистерналары қажет. Біз өткен жылы жаңа цистерналардың бірін алдық. Олар ыңғайлы және ескілері сияқты жиі сумен толтыруды қажет етпейді. Бізде бар цистерналарға шамамен 30–40 жыл болды. Олардың сипаттамалары жаңасына қарағанда әлдеқайда төмен. Тіпті сыйымдылықты алыңыз – оларға тек екі жарым тонна су сыяды.

Жаңа автоцистерналар өрт сөндіру қызметінің жауынгерлеріне өрт орындарына уақтылы жетуге мүмкіндік береді. «Ермак» жылжымалы өрт модульдері ауылдық жерлерде дала өрттерін сөндіруге жақсы көмек.

Қарқаралы гарнизонының жабдықталуында, жаңа техниканы ескере отырып, барлығы тоғыз өрт сөндіру машинасы бар. 

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button