Арқа жұрты әншісін ардақтады

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен белгілі әнші Сейіл Аяғанның тұрған үйіне мемориалдық тақта орнатылды.

Ескерткіш тақтаны облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов, бауыры Шыңғыс Мұқаев, әнші Ерлан Төлеутай ашып, естеліктерімен бөлісті.

Сондай-ақ, «Парасат» орденінің иегері Рымбала Омарбекова сөз сөйлеп, әншінің ән әлеміндегі орнына тоқталды.

Соңында қалған аяулы жары ел ағаларының әншіге көрсетіп жатқан құрметтеріне ризашылығын жеткізді.
Іс-шараға әншінің жақын достары мен туған- туыстары қатысты.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.