Жаңалықтар
Арқа баспасөзінің абызын еске алды
Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында ардагер журналист, Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы Қасым Орынбетовтың 85 жылдығына орай «Арқа баспасөзінің абызы» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараға Қасым Орынбетовтың шәкірттері, көзін көрген замандастары, жақын туыстары, студент жастар қатысты. Көрермендер назарына Қасым Ыхметұлының өнегелі өмірі, қызметі жайында «Арқа баспасөзінің абызы» атты деректі фильм мен «Қаламы қарымды қаламгер» кітап көрмесі ұсынылды.
Шарада Қазақстанның Құрметті журналисі, «Құрмет» орденінің иегері Мақпал Қасымқызы «Әкем айтады» кітабының жазылу тарихынан сыр шертіп, оқырмандарға таныстырды. Зиялы қауым өкілдері қарт қаламгер жайындағы есті естеліктерімен бөлісті.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.