Антыңа адал бол, сарбаз!
Жақында 44 841 әскери бөлімінің күзет ротасында Отан алдында борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер Ринат Нурдинов «Қарулы Күштер үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Жауынгерлік дайындықта ерекше көзге түскен сарбаз қошеметке бөленді.

Ринат Серікпайұлы – бала кезінен шымыр. Әскер қатарына шақырылмас бұрын Қызылордада орналасқан Жалаңтөс Баhадүр атындағы олимпиадалық дарынды мектепте ауыр атлетикамен шұғылданған.
– 14 жасымда аталмыш спорт түріне қызықтым. Жаттықтырушым Арман Әшімовтың қолдауымен біраз жетістікке жеттім. 2019 жылы Қостанай қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы чемпионатта күміс, 2020 жылы Орал қаласында өткен чемпионатта күміс, 2021 жылы Алматы қаласында жасөспірімдер арасында өткен жарыста қола жүлдегер атандым, – дейді ол.
Ринат қару атудан, дене тәрбиесінен жоғары көрсеткіштер көрсетіп келеді.
Думан ЖҰМАШҰЛЫ,
Приозерск гарнизонының баспсөз хатшысы