Жаңалықтар

Аналар киген кимешек

Қазақ халқы әйел затының киіміне ерекше мән берген. Қыз балалар бұрымына шашбау тағып, топы кисе, ұзатылғанда сәукеле, бір үйдің отын жаққанда болғанда кимешек киген. Ұлттық киім мен бұйымдарды күнделікті стильге сай етіп үйлестіру де бір өнер. Бұрымға сәндеп тағатын шолпы мен басқа киетін топы соңғы кезде трендке айналды. Ал, Қарағанды облысы Абай ауданы Қарабас кентінің тұрғыны Мархабат Раймағамбетова тұрмыстағы әйелдердің кимешегі ұмыт қалмасын деген ниетте. Ол кимешек тігіп, әлеуметтік желіде танылуда.

– Кимешекті тікпес бұрын оның тарихына тереңінен үңілдім. Кимешек тігілетін әр матаның қыр сырымен таныстым, – дейді тігінші. Денсаулығына байланысты жұмысқа тұра алмаған соң, үйде отырып ақша табудың жолын іздеген Мархабат Раймағамбетова – үш баланың анасы. Жалғызбасты ана балаларын қатарынан қалдырмау үшін барын салуда.

– Сәтсіз жасалған отадан кейін жұмысқа шыға алмай қалдым. Тігін тігуді де кейіннен үйрендім. Құрақ көрпе, жастық кейін, кимешек тіге бастадым. Кимешек өте әдемі көрінеді, тарихы да терең. Әжелеріміздің тәжі деп айтсақ та болады. Дәстүрлі стильді ұстануымның себебі өз қолөнерімізді, құндылығымызды ұмыт қалдырмау керек. Шапан, тойбастар, кимешек барлығы да халқымыздың байлығы, – дейді Мархабат Ахметқызы.

«Екі қолға бір күрек» дегендей, нәсібін адал тауып жүрген Мархабат үлгі етуге тұрарлық жан.

Ақерке МҰХАМЕД-АЛИ,

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің 4-курс студенті.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button