Жаңалықтар

Анадолыдағы жер сілкінісі: 76 адам қаза тауып, 440-і жарақат алды

Түркияда болған алапат жер сілкінісі салдарынан 76 адам қаза тауып, 440 жарақат алды және 140 ғимарат қираған, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланымыздай,Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болды.

Агенттік мәліметінше, 6,4 және 6,6 магнитудалы екі жерасты дүмпуі Нурдагы ауданында, 6,6 магнитудалы жер сілкінісі Ислахие ауданында тіркелген. Зілзаладан ғимараттар қираған.

7,4 баллдық жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында жергілікті уақыт бойынша 04:17-де 7 км тереңдікте болған. Содан кейін жер сілкінісі әр түрлі аймақтарда – Адана, Анкара, Анталья, Газиантеп, Кайсери, Мерсин, Трабзон, Урфада сезілген.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат толықтырылуда.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button