Жаңалықтар

«Алтын сақада» – айшықты шара

    Қарағанды қаласындағы «Алтын сақа» балабақшасында өткен ертеңгілік жұртқа ерекше әсер сыйлады. Көздің нұры, көңілдің гүлі болған балдырғандардың өнерлерін тамашалаушылар таңдай қақты. Әсіресе, «Шынықсаң шымыр боласың» атты эстафеталық жарыста, «Тәуелсіз Қазақстаным мәңгі жасай бер!», «Төрлет, Жаңа жылым», тақырыптарын қамтыған игі шарада «Құлыншақ» тобының балалары көптің көңілінен шықты. Мың бұрала би билеп, әуелете ән салған балалардың арасында Еркеназ Шаяхметова, Амирали Сайлаутаев, Жанел Балғабекованың орындауындағы «Бала тілегі», «Мекенім Қазақстан» әндері ертеңгіліктің ажарын аша түсті. «Алтын сақа» балабақшасының директоры Ж.Оспанованың басқаруымен, әдіскер Р.Бапаханованың нұсқауымен және мерекелік шараға ұйытқы болған музыкалық жетекшілері Г.Оспанова, М.Жұмабаева, тәрбиешілер Е.Мустаханова, А.Байзақова, Р.Әшірбекова, Г.Ақжарова, Г.Асаубаева, Н.Лейбель сияқты білікті ұжымның мүшелеріне ата-аналар қауымы алғысын айтты. Сонымен қоса, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған Қазыбек би ауданы Кәсіподақ ұйымының байқауынан 1 орынды иеленеген «Алтын сақа» балабақшасының ұжымына құттықтау сөзін жеткізді. Сонымен қатар, балабақша балдырғандарының барлығы ата-аналардың мақтанышына айналғандығын атады.

«Жаңа жылдық қарбалас» атты республикалық байқауда вокалды топ номинациясы бойынша «Шырша жыры» әнін шырқаған «Құлыншақ» тобының тәрбиеленушілері Еркеназ Шаяхметова, Амирали Сайлаутаев, Жанел Балғабекова 1 орын тұғырынан көрініп, арнайы дипломдармен және медальдармен марапатталды. Вокал номинациясы бойынша «Ақшақар» әнімен Зере Сағындық 1 орынды, «Жаңа жыл» әнімен Нұрай Ғабидолла бас жүлдені, «Біздің шырша» әнімен Асыл Қуанышова 1 орынды, сән театры «Әдемі қыздар» номинациясынан 1 орынды, мәнерлеп оқу сайысында Арслан Төкенов бас жүлдені иемденді. Балалардың жеңісі – ұжым еңбегінің жемісі,– деді ата-аналар.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button