Жаңалықтар

Алтын бұйымдарды заңсыз экспорттаған қылмыскер ұсталды

4 млрд. теңгеден аса сомаға алтын бұйымдардың заңсыз экспортын жасауды ұйымдастырған қылмыстық топ құрықталды.

Қазіргі таңда қылмысты ұйымдастырды деген күдікпен резидент емес азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Қылмыскер осы уақытқа дейін ұзақ уақыт бойы тергеуден бой тасалап жүрген. «Red Notice» (қызыл хабарлама) халықаралық іздестіру жөніндегі бірлескен іс-шаралардың нәтижелері бойынша, қылмыскер Қырғызстан Республикасының аумағында ұсталды. Оны экстрадициялау ұлттық қауіпсіздік, полиция және прокуратура органдарының күштерімен жүзеге асырылды.

Айта кету керек, аталған істің бірқатар мүшелері әртүрлі жаза түрлеріне сотталған. Бүгінде топтың 2 мүшесі әлі іздестіріліп жатыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button