Алматыда жер сілкінді
Алматыда бүгін түнгі 03:00 шамасында магнитудасы 5,4 болатын жер сілкінісі болды. Зілзала қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 303 шақырым жерде Қытай аумағында тіркелді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі бойынша жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.2 болды.
– Эпицентр координаттары 42,77° солтүстік 80,57° шығыс
– Тереңдігі 15 км.
– MSK-64 шкаласы бойынша ақпарат жоқ
Бұған дейін 3 мамырда Алматының оңтүстік-батысында Қырғызстан аумағында магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелген еді.