Жаңалықтар

Алматыда полицей абайсызда әріптесін атып өлтірді

Алматыдағы бақылау-өткізу бекетінде полицей әріптесін абайсызда атып тастады, деп хабарлайды ortalyq.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 


Ақпарат бойынша, оқты 28 жастағы сержант атқан. Олар жәбірленушімен тамақтанатын бөлмеде болған. Оқ ПМ қызметтік қаруынан атылған. Қызметкер алған жарақаттарынан сол жерде қаза болды. Куәгердің айтуынша, полицейлер арасында жанжал болмаған – олар сөйлесіп отырған.

Tengrinews.kz редакциясы бұл ақпаратты растау үшін Алматы ПД баспасөз қызметіне жүгінді. Ведомство бұл ақпаратты растады.

– Алматы қаласы ПД 5 маусымда полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқанын, ол алған жарақаты салдарынан қайтыс болғанын хабарлайды.
Дерек ҚР ҚК-нің 104-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, – делінген хабарламада.

Қазір Қылмыстық кодекстің 104-бабы «Абайсызда кісі өлтіру» іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button