Жаңалықтар
Алматы облысында Болат Назарбаевты ақтық сапарға шығарып салды
Ауыр науқастан көз жұмған Болат Назарбаевты халық ақтық сапарға шығарып салуға жиналып жатыр. Тұңғыш Президенттің інісімен қоштасу Шамалған ауылындағы өзінің үйінде өтеді, деп хабарлайды ortalyq.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
Жаназаға келіп жатқан адамның қарасы көп.
Шамалған ауылындағы Назарбаевтың қара шаңырағы Байтұрсынұлы көшесінің бойында орналасқан. Көшенің екі жағы биік дуал, жағалай күзет қойылған.
Марқұммен қоштасып, көңіл айтуға халық көп жиналғанмен, олар ішке кіре алмады. Биік қақпаның алдына қойылған күзет адамдарды тізім бойынша ғана ішке кіргізіп жатты.
71 жасына қараған шағында ауыр дерттен көз жұмған Болат Назарбаевтың жаназасы жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де оқылды.
Материалды әзірлеген А.РАХЫМҚҰЛОВА