Жаңалықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Бүгін Алматыдан 278 және 279 шақырым қашықтықта 2 жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады Оrtalyq.kz ТЖМ-ге қарасты Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы.

Біріншісі Алматы уақытымен сағат 03:42:15-те тіркелген.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болды. Энергетикалық санаты – 12,2. MPV тербелісі – 5,9. Тереңдігі – 15 шақырым. Алматыда жерасты дүмпуі МSК-64 шкаласы бойынша сезілмеді.

Екіншісі 05 сағат 58 минут 05 секундта тіркелді. Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 12,1. MPV тербелісі – 5,6. Тереңдігі – 10 шақырым. Алматыда жерасты дүмпуі сезілмеген.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button