Бас тақырыпЖаңалықтар

Алматы-Қарағанды ​​бағыты қашан ақылы болады?

Бүгінде Қазақстандағы ақылы жолдардың тарифін көтеру талқыланып жатыр. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев айтты, – деп хабарлайды ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: Tengrinews.kz

– Келесі жылы Алматы – Қарағанды жолын салып бітіреміз деп ойлаймын. Бұл жол жеңіл көліктер үшін де ақылы болады. 2025 жылы онда бейнебақылау камералары орнатылып, ақылы жүйе енгізіледі. Жаңа ақылы жолдарда тариф өзгере ме? Бүгінде ондағы тариф – 1 теңге 20 тиын (1 шақырым жолға – еск.). Бірақ ондағы тариф көтерілуі мүмкін. Мәселені талқылап жатырмыз, – деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Марат Қарабаевтың сөзінше, жолдарды күтіп ұстауға қаржы керек.

– Біз тариф 1,20 теңге деңгейінде қалады деп айтып отырған жоқпыз. Тарифті біртіндеп көтеру саясатын ұстанамыз. Ең алдымен транзитке басымдық беріледі. Бәрі жағдайға байланысты. Төртжолақты (ақылы – еск.) жолдарды алайық. Оны күтіп ұстауға қаражат керек. (Ақылы жолдардағы – еск.) учаскелер мен шақырым да әртүрлі. Осыны ескерсек, ақылы жолдардағы тарифтің құны да әртүрлі болады, – деді ведомство басшысы.

Материалды әзірлеген А.РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button