Басты тақырып

«Алмас қылыш» – Алаш аманаты

    Жаңа жылдан бастап «Қазақ елі» сериалының кинонұсқасы – «Алмас қылыш» фильмі жалпыұлттық прокатқа шықты. Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойына тарту болған кинотуындының тұсаукесеріне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ қатысып, фильмнің көрсетілімін тамашалады.

 

    Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдегендей, Елбасының өзі идея авторы болып саналатын киноэпопея Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының киностудиясында түсірілген. Қазақстандық жаңа тарихи кинотуындыға қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Есенберлиннің «Көш­пенділер» трилогиясының бірінші кітабы – «Алмас қылыш» романы негіз болған. Фильмдегі оқиғалар XV ғасырда өрбиді. Оған Жәнібек пен Керей хандар тұсындағы қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы барысындағы басты оқиғалар арқау болады.

    Бұл жерде жерлестеріміз, Керей ханның ролін сомдаған С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қайрат Кемалов пен кинодастанның түсіру тобында болып, диалогтарын жазған өнертанушы Ерлан Төлеутайдың еңбегін айта кеткеніміз жөн.

    Көп сериялы тележоба жұмысына республикадағы танымал кинематографистер – қою­шы режиссер Рүстем Әбді­рашев, сценаристер Смағұл Елубаев пен Тимур Жақсыбеков атсалысты. Жалпы, бұл фильм­ді түсіру жұмысына 500 адам тартылған.

    PS: Аталмыш кинотуындының Қарағандыдағы премьерасы бүгін, яғни, 10 қаңтар күні сағат 16.00-де облыстық С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында өтпек.

Мирас АСАН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button