Руханият

Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестік қарағандылықтарды мерейтойлық гала-концертке шақырады

Сәкен Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрының сахнасында 22 қараша күні сағат 18:00-де Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің 85 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді.

Сурет: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Оған қазақ халық аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, “Арқа сазы” фольклорлық ансамблі, джаз оркестрі, “Аққу” фольклорлық-хореографиялық ансамблі, “Әуен” және “Мерей” ұжымдары, “Арай” квартеті және Алуа Уали мен КБ солистері – Рысты Рахымжан, Арайлым Жүкенова, Гүлмира Тапай, Медет Осатаев, Нұрлытаң Ермек, Гүлбану Серікова, Ксения Николаева, Нұрбол Темірғалиев және Айдар Қаппасов қатысады.

Қарағанды облыстық филармониясы 1938 жылы құрылды. 1990 жылы оған белгілі қазақ әншісі Қазақстанның Халық әртісі Қали Байжановтың есімі берілді. 1994 жылы филармония концерттік бірлестік болып қайта құрылды.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button