Медицина

Алдағы екі жылда дұрыс тамақтану жөніндегі кəсіпорындар желісі пайда болады

Бұл Қазақстанда денсаулық мəселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыру жəне саламатты өмір салтын насихаттауды күшейту мақсатында 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы аясында жүзеге аспақ.

Құжатқа сəйкес 2025 жылға дейін дұрыс тамақтану жөніндегі кəсіпорындар желісінде 39 нысан салынбақ. Əлеуметтік жоба аясында 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың тамақтану рационына байланысты балалар ұжымдары үшін бірқатар ұлттық ұсынымдар əзірленеді.

Жол картасы спорттық жарыс тар мен денсаулық фестивальдері сияқты бұқаралық шараларды өткізуді, белсенді демалыс пен спорт үшін инфрақұрылым құруды, дұрыс тамақтану мəселелері бойынша түрлі іс-шараларды, денсаулық сақтау мекемелерінде денсаулық сақтау саласындағы халықтың сауаттылығын арттыру үшін білім беру бағдарламалары мен консультациялар өткізуді жоспарлайды.

Сарапшылар халықтың əртүрлі жасқа дене белсенділігі жөнінде ұлттық ұсынымдарды енгізетін болады. Халық арасында жарақаттанудың алдын алу, темекі, алкоголь, психоактивті заттар тұтыну бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Барлық жерде темекіге қарсы кабинеттер, темекіні тастаушыларға арналған сенім телефондары, темекі шегуден бас тартуға арналған қосымшалар құрылады.

Денсаулық сақтау министрлігінің пайымынша, Жол картасы қазақстандықтардың өз денсаулығы үшін жауапкершілігін арттырып, саламатты өмір салтын қалыптастыруға жəне денсаулықты сақтауға ықпал етуі тиіс. Бастама қоғамды мықты жəне дені сау халқы бар елге айналдыруда маңызды рөл атқарады деп күтіледі.

Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button