Жаңалықтар

Алаяқтар Шахтинск қаласының тұрғынының атынан несие алған

«Қазпошта қызметкерімін» деп таныстырған белгісіз біреу Шахтинск қаласының тұрғынын алдап, атына 7 млн. теңге несие рәсімдеген.

Алаяқ өзін Қазпошта қызметкері ретінде таныстырып, қала тұрғынына оның атына тіркелген хаттың келгенін хабарлаған. Алайда, ол хатты алу үшін «Суретке түсуіңіз қажет» деп қала тұрғынын көндірген. Өзін «Пошта қызметкерімін» деп таныстырған алаяқтың сөзіне сеніп, дегеніне көнген тұрғын шамалы уақыттан кейін атына 7 млн. теңге несие рәсімделгені туралы хабарлама келіп түседі.

Бұл мәселе қазір тексерілуде. Алайда, банк қызметкерлері «Бұл процесс банк қызметкерлерінсіз жүзеге аспайды» дейді…  

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button