Жаңалықтар

Алаш айбыны – адами капитал

              Ел дамуына зор серпіліс берген Президент Жолдауының мәні биыл қарымды бастамалармен, идеялармен, жауапты тапсырмалармен ерекшеленеді.

Жолдаудың жетінші тармағы «Адами капитал – жаңғыру негізі» деп аталады. Бұл тұста білім мен мәдениетімізді одан әрі дамыту үшін ұлттың әлеуетін арттыру туралы терең ой қозғалған. Осы ретте Көшбасшымыз «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ, заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық, әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс»  дейді. Рас, қазіргі ұрпаққа сапалы білім, сапалы тәрбие беру – басты талап. Осы мәселеде таптырмас көмекші құрал – кітап десем  қателеспеген болармын.

Кітап – алпауыт әлем. Ол адамды тәрбиелейді, санасын оятады, дамытады, өзіндік ойлау қабілетін қалыптастырады. Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында да руханият пен сана мәселесіне басты назар аударған. Бұған дәлел – былтырғы оқу жылынан бастап облыстық оқу-әдістемелік орталық ұйымдастыруымен өткізілетін «Бір аймақ – бір кітап» акциясы. Биыл акция аясында «Қазақ ертегілері» (2-4 сыныптар), Қ.Қайсеновтің «Жау тылындағы бала» повесі (5-7 сыныптар), С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» повесі (8-9 сыныптар), Ғ.Мұстафиннің «Қарағанды» романы (10-11 сыныптар) оқуға ұсынылды. Акция ұраны – «Мен оқимын, сен оқисың, Қарағанды жерінің бәрі оқиды».

Сананың жаңғыруы – кітап пен ұлт ұғымдарының, сана мен ой, даму мен өсу, өркениет өріне қадам жасау түсініктерінің қажет екенін ұққанда ғана мүмкін болмақ. Келешек ұрпаққа кітап таңдауды, кітап оқуды үйретсек, ол – Президенттің «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру жолдарының бірі болары анық.

 Б.ҚУАНЫШБЕКОВА,

кітапханашы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button