Жаңалықтар

Қаланың құрдасы да дауыс берді

Кернебаева Нұржамал апай биыл құрылғанына 70 жыл толған Саран қаласының құрдасы болып табылады.

Сурет ұйымдастырушылардан

Бүгін ол конституциялық құқығын пайдаланып, осындағы өзі тіркелген 263-ші референдум учаскесіне келіп, дауыс берді.

Журналистерге берген сұхбатында ол:

– Келелі мәселелерді халықпен кеңесіп шешудің көрінісі бұл. Сондықтан мен де бүгін өз таңдауымды жасап, Қазақстанымыздың болашағы үшін дауыс бердім. Ел аман,жұрт тыныш болып,Отанымыз өркендеп,жастарымыз өсе берсін! – деді.

Ержан Имаш,
САРАН

Басқа материалдар

Back to top button