АймақБас тақырыпҚарағанды

Қалааралық жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі

«Жолдың жайын жүрген біледі». Аймақ тұрғындары облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен өткен тікелей эфирде «Қарағанды-Саран», «Қарағанды-Шахтинск» қалааралық автожолдарының мәселесін көтерді. Шұрық тесігі мен ойдым-ойдымы көп жол Қарағандыға қатынап жұмыс істейтіндер үшін қиындық туғызуда.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Бүгінде қалааралық жол күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің біріне айналды. Аймақ басшысы тұрғындардың бұл мәселесіне де жауап берді.

– Бұл мәселені өзім де жақсы білемін. Қала тұрғындарымен кездесіп, жол сапасын көзбен көріп қайттым. Бұған дейін аталған тас жол бойынша тиісті қаражат бөлінген еді. Тіпті, жауапты мердігер ұйым да бекітілді. Алайда, жұмысын соңына дейін аяқтамады. Биыл аталған тас жолы бойынша мәселе қайта көтеріліп, жоспар құрылды. Жоба – ауқымды. Қаражаты – 3 млрд. теңге. Биыл жоба құнының тек 280 млн. теңгесі бөлінді. Бұнымен тиісті басқарма жұмыс істейді. Басқарманың жоспарына сәйкес қаражаты кезең-кезеңімен бөліп беріледі, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button