АймақБалқаш

Қала жағалауына абаттандыру жұмыстары басталды

Былтырғы жазғы маусымда облыстағы демалыс орындары 360 мыңнан астам турист қабылдапты. Оның 16 мыңға жуығы – шетелдіктер. Биыл бұл көрсеткішті арттыру үшін демалыс орындарына тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Дастан Құдабаев аппараттық жиында мәлімдеді.

Мәселен, бір ғана Балқаштың өзінде 68 демалыс орындары тіркелген. Қазіргі таңда жазғы демалыс орындарына абаттандыру жұмыстары қолға алынды. Алматы және Астанадан Балқашқа шығатын күнделікті рейс ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, Қарағанды-Балқаш бағытындағы пойыз вагонына тағы екі вагон қосылды.

– Туризмді дамытудың негізгі нүктесі – Балқаш курорттық аймағы мен Қарқаралы ұлттық табиғи саябағы. Балқашта абаттандыру, инфрақұрылым салу және туристер үшін жағдайды жақсарту мәселесі бойынша жиын өткіздік. Бертіс шығанағындағы туристік нысандарға электр желілерін тартып, су және кәріз жүйесін тарттық. Енді қала жағалауын абаттандыру жұмыстарын бастаймыз, – деді Дастан Құдабаев.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button