Жаңалықтар

Қала тұрғынының ақша салынған қобдишасы ұрланды

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Теміржол полиция бөліміне 48 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданған.

Жәбірленуші азаматша полиция қызметкерлеріне үйіне туған-туыстарымен өзге де адамдарды қонаққа шақырғанын, кейін олар кеткен соң үйінен жиналған ақша қобдишасы жоғалғаны туралы хабарлаған.

 Келтірілген шығын көлемі 83 мың теңгені құраған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 18 жастағы азаматты ұстаған. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button