Жаңалықтар

Алғыс алған арымас

«Алғыс айту» күніне орай Қарқаралы ауданындағы орталық кітапхана ұжымы қала тазалығын қамтамасыз етіп жүрген қоғамдық жұмыскерлерді құттықтап, сый-сияпат жасады.

 Қала көшелерін тазалайтын 9 жұмыскер бар. Жылдың төрт мезгілінде, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, әрқашан жұмыс орнынан табылатын жандарға жасалған бұл ізгі рәсім жұмыскерлерге күтпеген тосын сый болды.

          Кітапхана ұжымы алғысты алдымен осындай қарапайым қызметкерлерге білдіру қажет деп тапты. Елді мекеннің тазалығын, сән-салтанатын қамтамасыз ететін жұмыскерлерге осындай жақсылықтар легі жалғаса берсін дегіміз келеді.

Дулат ЖҮНІСБЕКҰЛЫ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button