Жаңалықтар

Алғашқы сайлаушы дауыс берді

Әлихан Бөкейхан ауданында орналасқан №109 сайлау учаскесінде 2165 сайлаушы тіркелген.

Сайлау учаскесінің төрағасы Ләйлә Қабдрахманова жұмыс барысында сағат 6.00-ден бастап үміткерлердің сенімді өкілдері мен байқаушыларды тіркеу жүргізілгенін хабарлады.

Сағат 6.30-да бюллетеньдер урналарын пломбылау жүргізілді. Таңғы 7.00-де ҚР мемлекеттік Әнұраны шырқалды. Еске сала кетейік, бүгін, 19 наурызда елде Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Бұл сайлаудың ерекшелігі – Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгіге сәйкес жасақталады. 

– Сайлауға қатысып дауыс беру – менің азаматтық парызым. Өйткені, халық қалаған таңдаулылар ертең ел тағдырын шешеді. Сондықтан, біз ертеңгі болашағымызға таңдау жасаудамыз,- дейді сайлаушы Әмірбек Мырзахметов.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button