АймақТеміртау

Алғашқы маусым ашылды

Теміртау қаласының Мәдениет үйі жанындағы «Арман дала» жазғы лагері қала балалары үшін алғашқы маусымын ашты. Оған 7-13 жас аралығындағы жеткіншектер таңертеңгі сағат 10:00-ден түскі 13:00-ге дейін тегін барып, қатыса алады.

Аталған Мәдениет үйі жастар бөлімінің басшысы Валентина Павлик осы орайда:

– Бұл бірінші маусымда біз 10 күн бойы балалардың шы­ғар­машылығын дамыт мен ай­­налысамыз. Олар мұнда көр­­­кем шығармашылықпен, декоратив­ті-қолданбалы өнермен, музыка, бимен және басқа да пайдалы іспен шұғылданады.

Қазір лагерьге күніне 22 бала келіп жүр. Жалпы, жаз уақытында бұл жазғы лагерьде 4 тақырыптық маусым өткізу жоспарланыпты. Валентина Павликтің айтуынша, келесі маусым «Медиа.БАҚ» бағытында ұйымдастырылып, ол бейнежазба әлеуметтік желіге әуес жас балғындар үшін қызықты болатын түрі бар.

Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button