#Biz birgemiz!Приозерск

Қайырымдылық шарасы жалғасуда

Нұрдос КӘРІМ,

Ortalyq Qazaqstan           

– Жақында Приозерск қаласының жастары бірігіп, қасиетті рамазан айында «Біз – біргеміз» акциясы аясында «Шын жүректен» қайырымдылық шарасын ұйымдастырдық. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл игі бастамаға қала жастары мен тұрғындары атсалысты. Жиналған қаржы есебінен 3 қой сойылып, 350 келіге жуық азық-түлік өнімдері алынды. 13 аз қамтылған отбасы мен 7 мүмкіндігі шектеулі жанға жарты тоннаға жуық азықтүлік себеттерін табыс еттік. Аталған акцияға қолдау көрсеткен барша ағаларымызға, қала тұрғындарына және қала жастарына алғысымызды білдіреміз. Қайырымдылық шараларын алдағы уақытта да жалғастырамыз, – дейді Приозерск қаласының жастар ресурстық орталығының директоры Ұлан Алмас.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button