БрифингРесми

Қайырлы күн, құрметті жерлестер!

Биылғы жылдың қоғамдық – маңызы бар басты мерекесі – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығы.

Тәуелсіздік! Иә, бұл кеудеңді көтере, мақтана айта алатын қасиетті ұғым. Жәй ғана ұғым емес, аса қадірліде, қасиетті сезім. «Тәуелсіздік» дегенде әр адамның бойын мақтаныш сезімі кернейді. Бұл – ата-бабаларымыздың қаншама ғасыр аңсаған арманы. Әр-бір қазақстандықтың бойында осынау қасиетті ұғым жайлы сөз болғанда қуаныш пен мақтаныш, жауапкершілік болуы керек деп ойлаймын.

Тәуелсіздік жолында қазақтың талай ұлтжанды азаматтары қыршынынан қиылды. Жазықсыз өмірден ерте озды. Олар халқына қуаныш сыйлады, бірақ сол қуаныштың дәмін өздері тата алмады. Тәуелсіздік үшін күрескен батырлар – қазақ елін лаулаған оттан да, тар қапастан да алып шыққан азаматтар. Олар өзім деп қара басын ойлаған емес. Олардың бар мақсаты тәуелсіздік болды емес пе? Ғалымның хаты, жақсының аты ұмытылмақ емес. Олардың бізге салып берген сара жолы, бүгінде бізге дара жол болды.

Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Осынау отыз жылда біздің халқымыз, бүгінде бүкіл әлемге әйгілі болып отырған көк байрақты Қазақстанымыз әлемдік алпауыттармен терезесін теңестіріп, жаһан жұртына қарышты қадамдарымен танылып үлгерді. Осы аз уақыт ішінде еліміз көптеген жетістікке қол жеткізді.

Уважаемые жители Карагандинской области!

Несмотря на то, что пандемия коронавируса внесла свои существенные коррективы в нашу с вами жизнь, главным событием года было и остается 30 – летие Независимости Республики Казахстан.

Именно независимость назвал Президент нашей страны Касым-Жомарт Кемелевич Токаев «самым драгоценным сокровищем, самым сокровенным достоянием…».

И на нашем сегодняшнем брифинге я хотел бы остановиться не только на том, какими событиями и мероприятиями будет ознаменован этот юбилейный год, но и коротко сказать о том, чего мы достигли за это тридцатилетие.

Во-первых. За 30 лет ВРП на душу населения вырос в 6 раз ! (с 1,7 тыс.$ до 10,9 тыс. $ США в 2020 году).

Сегодня наша продукция экспортируется в 49 стран мира.

Немало делается для привлечения инвестиций. Для этого создана специальная экономическая зона «Сарыарка». А в год 30-летия Независимости на карте области появилась еще одна индустриальная зона «Сарань». Здесь налажено производство автобусов Yutong и специальной техники. Так же апреле началось строительство нового шинного завода мощностью 3,5 млн легковых и грузовых шин в год. Это прямой результат успеха политики открытости и доверия.

За годы Независимости появилось немало уникальных предприятий с применением новых прогрессивных технологий. Ярким тому свидетельством является «Обогатительная угольная фабрика крупного инвестиционного проекта компании «Qaz Carbon».

Или, к примеру, в области построена крупнейшая в Центральной Азии Солнечная электростанция «Сарань» на 100 МВт.

Кстати в этом году будет запущена еще одна солнечная электростанция на 100 МВт возле озера Балхаш.

В экономике любой страны играет большую роль малый и средний бизнес.

Сегодня каждый третий житель области задействован в малом и среднем бизнесе. Объем произведенной продукции МСБ за 30 лет в реальном выражении вырос в 307 раз и оценивается на уровне 1,1 трлн тенге, что сопоставимо с объемами двух промышленных гигантов таких как АО «Арселор Миттал Темиртау» и ТОО «Корпорация Казахмыс».

Очень многие привыкли расценивать Караганду, как промышленный и индустриальный центр. Но нами достигнуты серьезные успехи и в сфере сельского хозяйства.

Объем валовой продукции сельского хозяйства области вырос с 8,2 млрд тенге до 384,4 млрд тенге в 2020 году.

Благодаря всесторонней государственной поддержке в области сформировался пул крупных фермерских хозяйств.

К примеру, в Абайском районе на базе КХ «Шанс» при государственной поддержке строят товарно-молочную ферму на 400 голов. Планируется, что её мощность составит более 3 тысяч тонн молока в год. Есть в крестьянском хозяйстве свой комбикормовый завод и промышленная зерноочистительная техника.

А в Осакаровском районе КХ «Найдоровское» получило первый в области сертификат “Bio Inspecta”, который признает выращенную продукцию органической, а значит открывает фермерам европейский и американский рынки. Хозяйство одним из первых ввело цифровизацию на производстве, достигнув самых высоких урожаев в области.

За 30 лет коренным образом изменился ландшафт городов и районов области. Появились новые современные сооружения и комфортные жилые дома. Построена 61 школа, 22 детских садов, 2 колледжа.

В преддверии 30-летия независимости страны в области открывается ряд спортивных объектов.

В областном центре открылся Центр настольного тенниса, оборудованный в соответствии с международными стандартами.

В целях популяризации национального спорта в Юго-Восточном районе города будет построена новая площадь ипподрома. Не так давно прошел открытый областной турнир по видам байги, посвященный 30-летию независимости страны и Дню столицы.

Кроме того, по прямому поручению Елбасы в сентябре в Юго-Восточном районе нашего города планируем открыть новый современный «Детско-юношеский центр».

Всего в области в этом году будет сдано около 2900 ключей от квартир, открыто 7 физкультурно-оздоровительных центров, 4 школы, 2 детских сада, 2 Дворца детей и юношества и др.

В целом за 30 лет Независмости объем строительных работ увеличился с 2 млн тенге в 1991 году до 466,7 млрд тенге в 2020 году.

За это время введено в эксплуатацию 8 млн м² жилья.

В юбилейный год планируется построить порядка 662 тысяч м² жилья.

Регион стоит на пересечении главных магистралей страны.

В 2012-2015 годах были проложены новые ж/д линии «Жезказган-Бейнеу» и «Аркалык-Шубарколь», что позволило создать транзитные коридоры «Китай-Европа».

Для развития транзитно-транспортного потенциала построен самый большой в стране оптово-распределительный центр «Глобал сити». На 60 га расположены склады на 100 тыс. тонн продукции, кросс-доки на 160 фур.

Это далеко не полный перечень наших достижений.

Говоря о праздновании 30-летия Независимости, сразу отмечу, что пышных и помпезных торжеств не планируется. Наша задача отметить 30-летие Независимости, прежде всего, добрыми делами, направленными на улучшение благосостояния граждан.

Қадірлі жерелестер!

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, облыстық іс-шаралар жоспары құрылып, жұмыстар жүргізілуде. Облыстық жоспарға 187 іс-шара кіреді.

Жоспарды іске асырудың барлық кезеңіне 2021 жылы халықаралық деңгейде 5 іс-шара, республикалық деңгейде 6 іс-шара, облыстық деңгейде 13 іс-шара, қалалық және аудандық деңгейде 163 іс-шара жоспарланған.

Жалпы, жыл басынан оқиғалар қатары әр ай бойынша 12 тақырыптық бағытты қамтиды.

Сонымен қатар облыстық «Ордалы отыз іс» іс-шаралар жоспары құрылып, бүгінгі күнге жұмыстар атқарылуда.

Басты мақсат қоғам үшін оқиғалардың мәнділігі мен тиімділігіне баса назар аудару және халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға арналған шараларға басымдық беру.

Жалпы жыл басынан біршама іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде бастыларына тоқталып өтсем.

Биылғы жыл дауылпаз ақын Қасым Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойы.

Осыған орай: Қасым әлемі: поэзия, тұлға, тарих» тақырыбында онлайн семинары өткізілді.

Ал, Қарағанды университетінде «Қасымтанудың қазіргі мәселелері» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Тағы бір жақсы жаңалық – қараша айында дауылпаз ақын, Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойына орай «Қасым» үйінің ашылуы да зиялы қауым үшін, жалпы барша қарағандылықтар үшін ерекше тарту болмақ.

Сонымен бірге, Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен қатар Алаш қайраткерінің мерейтойлары қатар келіп отыр.

Қазақтан шыққан тұңғыш математик, профессор, Алаш қайраткері Ә.Ермековтың 130 жылдығына орай:

Оқушылар арасында математика пәні бойынша облыстық олимпиада өтті.

Қарағанды техникалық университетінде «Әлімхан Ермеков және қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды. Аталған конференция аясында Қарағанды техникалық университетінде Ә.Ермековке арналған оқу залы және арнайы бейнесі белгіленген тақта орнатылды.

Ә.Бөкейханның 155, Ж.Ақбаевтың 145, Ә.Ермековтің 130 жылдығына арналған «Алаш аңсаған азаттық» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өткізілді.

Дәстүрлі наурыз айында өткен облыстық айтыс Алашорда қайраткерлерінің құрметіне арналды.

Республикалық «Тарихтан тағылым – өткен тағзым» ғылыми-практикалық конференциясы» өтті.

Сонымен бірге, қыркүйек айында Әлихан Бөкейханның 155 жылдық, Жақып Ақбаевтың 145, Әлімхан Ермековтің 130 жылдық мерейтойларына орай «Ақтоғай және Алаш» атты ғылыми танымдық конференция өтеді. Конференция аясында Ақтоғай ауданы, Шабанбай би ауылдық округінде Әлихан Бөкейханға арналған ескерткіш бюстының ашылуы болады.

Тағы бір айта кететін жақсы жаңалық, биылғы жылы Әлихан Бөкейхан есімін Октябрь ауданына беру жұмыстары қолға алынды. Бұл шара елдегі ұлттық санақ жұмысы аяқталған соң, ел тәуелсіздігінің мереке қарсаңында толық аяқталатын болады.

Бұл игі шара қарағандылықтар үшін үлкен қуаныш және Баба рухына деген үлкен құрмет деп есептейміз.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, ақпан – наурыз айларының аралығында «Сарыарқаның жаңа есімдері» облыстық көркем өнерпаздар байқауы ұйымдастырылды.

5 номинация бойынша (вокал, хореография, көркем сөз, ерекше және аспаптық жанр) барлық жас санаттары бойынша 7-ден 60 жасқа дейін және одан жоғары. Осылайша, шектеулі карантиндік шаралар кезеңінде біз үйден шықпай-ақ өз қабілеттерін жүзеге асыра алатын әр түрлі мамандықтағы дарынды адамдарды қолдауға шешім қабылдадық.

Сонымен бірге, республикалық «Тәуелсіздік: Сөз бен Сурет» онлайн-байқауы өткізілді. Оған «Мәдениет порталы» агенттігі ақпараттық қолдау көрсетіп отыр. Жүлде қоры – 7 миллион 600 мың теңге. Кеше жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды. Олардың қатарында елімізге белгілі ақындар: Мұрат Шаймаран, Маралтай Райымбекұлы, Мирас Асан танымал суретшілер: Толқын Табысбек, Дәуренбек Бекназар, Ерсін Темірғалиев және т.б азаматтар бар. Елдегі пандемиялық жағдайға байланысты Конституция күніне орай, жеңімпаздар марапатталады.

Тағы бір айта кететін дүние облысымызда «Сарыарқаның көшпелі мәдениеті» фестивалі ұйымдастырылды. Фестиваль бүкіл өңірді қамтыды. Шараның мақсаты – шығармашылық, музыка, қолөнер, ойын және спорт арқылы өз халқымыздың өнері мен мәдениетін, дәстүрі мен салтын көрсету болып табылады.

Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес – ұлттық сананы сақтау күресі.

Ұлттық тәрбие деп жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз.

Бүгінде тарихи-мәдени мұраны сақтауға үлкен мән беріп отырмыз. Оған арнай жоспар құрылып, соған сай жүйелі жұмыстар жүргізілуде (Барлығы – 245 млн. 972 мың тг.) қаражат қарастырылған.

2021 жылдың шілде-қазан айлары аралығында Орталық Қазақстанның ежелгі металлургиясына (Алат), Едрей қонысына (Қарқаралы ауданы), Белағаш қорымына (Бұқар жырау ауданы) және Алтын Орда және Қазақ хандарының жерленген жерін анықтау бойынша (Нұра және Ұлытау аудандары) археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Өздеріңізге белгілі былтырғы жылдың үлкен жаңалығы археологиялық қазба жұмыстары кезінде Алтын Орда кезеңінің ескерткіші «Болған ана» кесенесінен алтын тостаған, тасы бар қос сырға, алтынмен кестеленген киімнің және әйелдің етігінің фрагменттері табылды. Зерттеу жұмыстары аяқталағаннан кейін «Болған ананың антропологиялық кескін-келбеті (антропологиялық) және табылған киімдердің фрагменттерін қалпына келтірілгеннен кейін, Болған ананың балауыздан (восковой фигура) жасалған мүсіні Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейіне қойылады.

Бүгінгі таңда Талды тарихи-археологиялық паркі аумағындағы ескерткіштерге археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасуда (2019-2021ж).

Талды тарихи-археологиялық паркіндегі Нұраталды 1, Ақкезең, Талды 1 қорымдарына және ежелгі тұрғындарының антропологиялық бейнелерін жасау үшін ғылыми зерттеу және қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырып жатыр. Сонымен қатар Талды тарихи-археологиялық паркіне экскурсиялық турды әзірлеу, туристік нұсқаулық дайындау және басып шығару жұмыстары қолға алынды. Бұның бәрі алдағы уақытта ашық мұражай ретінде, еліміздің тарихи-мәдени үлкен орынына айналатыны сөзсіз.

Уважаемые карагандинцы.

Вам хорошо известно, какое значение придает Глава государства восстановлению исторической справедливости в отношении жертв политических репрессий. У нас в области создана региональная комиссия по вопросам их политической, правовой и иных видов реабилитации. К этой работе привлечены ученые, краеведы, активисты, а также иные заинтересованные и уполномоченные лица.

В год 30-летия Независимости начаты работы по восстановлению и благоустройству объектов «Степлаг» для создания музея под открытым небом, посвященного памяти жертв политических репрессий. Кроме того, на объектах будут проведены работы по ограждению и благоустройству. Срок окончания – ноябрь т. г.

На самом деле работа по восстановлению справедливости в отношениии жертв политических репрессий ведется большая. Это тема отдельного брифинга. Я веду речь об одном из этих многочисленных мероприятий, которые вошли в наш план.

Сонымен бірге биылғы жылдың үлкен бір басты оқиғасы Ұлт ұясы – Ұлытау өңірінде ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Жошы хан» тарихи мәдени кешенін Мемлекет басшысының қатысуымен ашуды жоспарлап отырмыз.

Бүгінгі таңда барлық құрылыс жұмыстары аяқталды. Нысан 2021 жылдың 29 маусымы қабылдау актісімен пайдалануға қабылданды. Әділет органдарында нысанды тіркеу жұмыстары жүргізілуде.

Кешеннің ішкі безендірілуі ғылыми тұжырымдама мен ішкі интерьер дизайн-жобасына сәйкес жүргізіледі.

«Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніндегі құрылыс жұмыстарының аяқталмауына байланысты жоспарға сәйкес 2020 жылы ашылуы болған жоқ. Себебі құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде жобалау–сметалық құжаттамада ескерілмеген жұмыстардың қосымша түрлері мен көлемдері анықталды, бұл жобаның айтарлықтай қымбаттауына алып келді.

Тиісті рәсімдер жүргізілген соң (жоспардан тыс мемлекеттік аудит, ЖСҚ түзету және мемлекеттік сараптамадан өткезу) ағымдағы жылы жұмыстарды аяқтауға облыстық бюджеттен 752,8 млн.теңге бөлінді.

Жоба бойынша құрылыстың жалпы құны 2 081 281,53 мың теңгені құрады. Шарт жалпы сомасы 1 960 686,0 мың теңгеге жасалды.

Құрметті жерлестер!

Халқымыздың қанына сіңген қайырымдылық қасиеті еліміздің басына қандай күн туса да ұмыт қалған емес.

Осыған орай, республикалық жалпыұлттық «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында жыл басынан бері 21 233 адамды қамтыған 2642 іс-шара іске асырылып, оларға қолдау көрсетілді.

Жыл басынан қарияларға, жалғыз басты аналарға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қыс-көктем күндері отын түсіріп беру, үйдің айналасын қардан тазалау және азық-түлік себеттерімен қамтамасыз етті.

Былтырғы жылдан бері өңірдегі эпидемиологиялық жағдайларға байланысты елдің жанашыр азаматтары (кәсіпкерлер, шаруа қожалығы басшылары, меценаттар) өкпені жасанды желдету (ИВЛ) апараттарын және басқада қажетті медициналық жабдықтар әперді.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайларға байланысты облыстық және қалалық, аудандық ауруханаларына өңірдің жанашыр азаматтары ауырған адамдарға арнап, 1000 литрдей қымыз апарып, өз көмектерін көрсетті.

Бұл жерде қымызымен Гиннестің рекордтар кітабына енген – Жаңаарқа ауданының жұршылығын айта кетуіміз керек. Сонымен қатар, Қарқаралы, Ақтоғай, Абай, Ұлытау және т.б аудандар жұршылығына үлкен алғысымызды білдіреміз.

Жалпыұлттық «Қайырымды істер марафоны» аясында облыста ірі кәсіпорындар, кәсіпкерлер, меценаттар және жанашыр азаматтар өз үлестерін қосуда. Мысалға:

Қарағандыдағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйінің тәрбиеленушілеріне робототехника кабинеті ашылды. Аталған кабинетті меценаттар толығымен жабдықтады.

Жезқазғанда медициналық орталық базасында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. «Қазақмыс» корпорациясы үй-жайды жөндеуге, жабдықтар сатып алуға, сондай-ақ медициналық персоналды оқыту мен біліктілігін арттыруға қажетті қаражат бөлді. Орталық үшін жақын және алыс шетелдерде өндірілген заманауи жабдықтар сатып алынды. Олардың қатарында Мотомед реабилитациялық тренажері (Германия), вертикализатор, «Кенгуру» мобильді құрылғысы, тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған нейроортопедиялық реабилитациялық пневмокостюм бар. Түзету кабинеттері ашылды. Сонымен қатар жаңа буын компьютерлік томографы орнатылды.

Теміртаудағы №5 сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында және Қарағанды қаласының №3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде TalksUp аппараттары іске қосылды. Бұл ұйымдарды Tomatis әдісімен балаларды оқытуға арналған кәсіби жабдықтармен жабдықтау идеясы «Аяла» қайырымдылық қорына тиесілі. «Ерекше балаларға – ерекше назар» жобаны «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы қолдады.

Сонымен қатар осы іс-шараға волонтерлердің жан кешті еңбектерінде атап өтуіміз керек.

Бүгінгі таңда облыста 97 волонтерлік ұйым мен топ бар. Оған 7 мыңға жуық тұрғындар тартылған.

Олардың басым бөлігі жастар.

Волонтерлердің жекелеген бастамаларын бизнес қауымдастық қолдайтынын атап өту қажет.

Мысалы, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында «Qaiyrymdy ūrpaq» акциясы өткізілді, оның барысында 137 балаға жалпы сомасы 5 млн.теңгеден астам қаражатқа көмек көрсетілді.

Қайырымдылық іс – шаралары, оның ішінде «Ел тірегі-Елбасы» акциясы аясында осы жылдың 5 айында 23 тонна азық-түлік, сондай-ақ 769 жеке қорғаныш жиынтығы таратылды.

Акцияға облыс бойынша 1500-ден астам волонтер қатысты.

«Birgemiz: Taza Álem» бағыты бойынша «Таза табиғат» ұлттық жобасы аясында облыста ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Jasyl Aimaq» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.

Акция эко-еріктілердің қатысуымен ағаш отырғызу, аумақты тазарту, өзендер мен су қоймаларын тазарту бойынша бірқатар іс-шараларды қамтыды. 24 сәуір мен 15 мамыр аралығында облыстың 18 қаласы мен аудандарында 1659 еріктінің қатысуымен 53 акция өткізілді.

Сонымен қатар, Шахтинск, Теміртау қалалары, Ақтоғай, Қарқаралы, Жаңаарқа аудандарының орман шаруашылықтарымен бірлесіп волонтерлер 2 млн. астам ағаш-көшеттерін отырғызды.

Қарқаралы ауданында «Өз елімде із қалдырмай SAYAHATTIME» ұлттық мейірімділік күніне орай «Шайтанкөл» көлін тазартуға арналған экоакция өтті.

Іс-шараның мақсаты: экологиялық сауаттылықты дамыту және жастардың қоршаған ортаға, табиғатқа және қоғамға деген экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Ақтоғай ауданына қарасты Қызыларай ауылында ауданның белсенді ерікті жастары Ақсораң тауының етегіндегі «Әулие бұлақ» демалыс орнында «Таза табиғат» атты экологиялық акция ұйымдастырды.

Сонымен қатар, елімізде болып жатқан қуаншылық жағдайларға байланысты қарағандылық азаматтарда қиын-қыстау уақытта басқа облыстарға да өз көмектерін көрсетуде.

Соның бірі: Қарағандылықтар «Қиындықта ел бірге» қайырымдылық жобасына орай, құрғақшылықтан зардап шеккен Маңғыстау облысына 6 мың тең шөп жіберді. Олар Маңғыстау облысының Шетпе және Бейнеу аудандарында төрт вагон шөп жинап, жөнелтуді ұйымдастырды.

Жалпы, Қарағанды облысы бойынша жыл ішінде 5000-нан астам іс-шара жүзеге асырылады.

2021 жыл бойынша БАҚ-та 5431 материал, оның ішінде – баспа басылымдарда – 828, телеарналарда – 287, интернет-ресурстарда – 397 және әлеуметтік желілерде – 3919 ақпарат жарияланды.

Барлық жоспарланған іс-шаралар қоғамға нақты пайдасы бар, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталады.

Уважаемые жители области.

За 30 лет достигнуто немало. Все перечислить в одном брифинге невозможно.

О том, как проходит юбилейный год, чего мы достигли за 30 лет независимости вы можете узнать из средств

массовой информации. Во всех изданиях области, на телеканалах открыты и успешно действуют тематические рубрики. Много информации мы выкладываем и в социальные сети. Нами запущен проект 30 лучших достижений за 30 лет Независимости. В его рамках все города и районы, все отраслевые управления выпускают ролики о достижениях за этот период. Все эти ролики размещены на сайте «Сарыарка ньюс». На сегодня их 15. До конца года будет изготовлено еще 15.

Конечно же, всеми достижениями мы обязаны, прежде всего нашим землякам. За каждым достижением стоит огромный труд наших жителей области. Сейчас по стране запущен проект «Что для меня значит Независимость». Каждый желающий может рассказать в рамках этого проекта о своих достижениях, о людях, которые внесли вклад в становление и развитие нашего региона в годы независимости. Мы приглашаем всех принять участие в этом проекте.

Ардақты Ағайын!

Алаш туының астында азаттықтың ақ таңы атқалы да ширек ғасыр өтіпті. Бүлдіршіннен бозбалаға, бозбаладан жігіттікке қадам басқан еліміздің орда бұзар сәті де келді. Егемендік алып, ес жиғалы бері жеткен жетістік пен жеңісте есеп жоқ. Бағындырар биігіміз бен алар асуымыз әлі көп.

Тәуелсіздік – тәңір сыйы. Қазақтың басты байлығы да – бостандық. Бодандықтан босап, бәсекеге қабілетімізді арттырдық. Бәйгеде топ жарып жүрміз. Осыдан асқан бақыт бар ма?!

Ата-бабаның арманы да осы емес пе?! Көш жүре түзеледі. Береке мен бірлік бар жерде, кемшіліктер де өз орнына ығыса жатар.

Бүгінгінің жастары қиындықпен келген тәуелсіздіктің туын жоғары көтеріп жүруі керек. Болашақпен бағытталып, келешекпен кемелденетін қазіргі жастар қауымы байрақты төмен түсірмесі анық.

Ата-бабаның асқақ арманының жолында ұлағатты ұрпақ өсіп келе жатыр. Тәңірден келген тәтті сыйдың еңсесін биік ұстау өз қолымызда. Ендеше, көк туды желбіретейік, келер ұрпақ!

Басқа материалдар

Back to top button