Руханият

Айтыс аламанында топ жарды

Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағайда өткен «Алтай – алтын бесігім» атты халықаралық ақындар айтысында жерлесіміз Дидар Қами топ жарып, бас жүлдеге ие болды.

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық фестивалі аясында өткен дүбірлі додаға елімізге танымал ақындардан бөлек, сонымен қатар, көршілес Моңғолия, Қырғызстан елдерінен де ақындар келіп қатысты. Бақпенен бақтың қатар шабуымен, Дидар Қами оқ бойы озық шығып, жеңістің тұғырынан көрінді.

Толық ақпаратты газеттің алдағы санынан оқитын боласыздар.

Мағжан ҚҰДАЙБЕРГЕН,

Қарағанды зерттеу университетінің II курс студенті

Басқа материалдар

Back to top button