Айсұлтан абырой биігінде
Әріптесіміз, «LIFE 09» ақпарат агенттігі бас редакторының орынбасары Айсұлтан Жақып облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығының «Тіл жаршысы» аталымын жеңіп алып, медиахолдингтің мерейін тасытты.
Айсұлтан Мұхамедияұлы көп жылдан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан танымал журналист, блогер. Әлеуметтік желіде 54 мың оқырманы бар оның «Кейіпкер», «Бес сөз» сынды жобалары елдің қолдауы мен ыстық ықыласына ие болған. Айсұлтан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жолында әлі де аянбай тер төгетініне сенеміз.
Жәлел ШАЛҚАР,
«Ortalyq Qazaqstan»