Қайраткерліктің символы

Рымбала Омарбекова – өнер бағына туған ұлтжанды, өте білімді жан. Оның өнер мен мәдениеттегі ұлан-асыр еңбегін тек Қарағанды облысының аясында өлшеп, бағалауға болмайды. Рымбаланың өрелі келбетін ойлағанда сонау Т.Жүргенов, І.Омаров сынды кемеңгерлердің елесін көргендей сезімге бөленетінім бар. Халқымыздың ұлттық өнерін шынайы білгірлікпен дамытқан Рымбала Омарбекованы қайраткер деуге толық негіз бар. Толассыз өтіп жатқан тіршілікте өзіммен араласқан, діні мен ділі бек жарасып, қадірлес, дәмдес болған, әркез еске түсіп, сағындырып жүздесуді аңсата беретін сүйікті де сүйкімді жандардың байтақ галереясы көз алдымда емірене елегізген сезім жайнайды да тұрады.

Сондай ғажайып тілеулестердің ішінде Рымбаланың дидары ерекше жарқырап көрінеді. Бір бекзат болмыс. Ибалы ізеті, ішкі жан дүниенің тазалығы, биоөрістің кеңдігі жан біткенді ерекше жылы сезіммен бау­рауы тектілігінен сезіледі. Осы жаратылысына сезімталдығы, сұлулық әлемін сезінуі оған деген ынта- ықыласы келбетін көрікті етіп көрсетеді. Арқа дәстүрінде ән толғап, дәйім Арқаны аңсап, Қарағандыға келгенде таң нұрындай жарқырап, Рымбала қуана қарсы алады. Рымбаланың төңірегіндегі әнші атаулы Егіндібұлақта, Қарқаралыда, Жаңаарқада өзім шығарған әндерді шырқап, Қоянды жәрмеңкесіндегідей дүркірейді де жүреді. Ол жүріс оңай ақақу-екеку емес, ән тілеген есті жұртпен жүздесу, арқаның асыл әндерін насихаттау, ел еңсесін көтеру. Арқадағы бір Балқантауға төрт ән шығарсам, Рымбаланың тілегімен «Қарқаралы», «Қарағанды вальсін» жазыппын. Рымбала осы вальсті Бибігүл Төлегеновадай ұлы әншіге орындатты.

Илья ЖАҚАНОВ,

композитор, Қазақстанның Еңбек Ері

Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.