Қайраткерлер де референдумнан қалыс қалған жоқ
Қарағанды қаласындағы №74 референдум учаскесінде кісі қарасы қалың. Мұнда Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, актер Кеңес Жұмабеков дауыс берді. Ол референдумға қатысты пікірімен бөлісті.

– Референдумда дауыс беру – әр саналы азаматтың міндеті. Осындай маңызды таңдауда өзіңнің ішкі ойыңды, көзқарасыңды білдірген абзал. Еліміз жылдан-жылға дамып келе жатыр. Уақыт өткен сайын батыл шешімдер қабылдауға тура келеді. Шешім қабылдар тұста мемлекет халыққа назар аударып отыр. «Қасиетті халық, сіздер не дейсіздер?» деп бізден сөз күтеді. Осындайда неге белсенді болмасқа? Сайлау учаскесіне кірген бетте сондағы мамандар жылы жүзбен қарсы алып, білмегенімді түсіндіріп жатты. Шешім қабылдайтын сәтте халқымыз бірігіп, осылай үн қатып жатқанына сүйсіндім. Осы ынтымағымыздан ажырамайықшы, – деді Кеңес Жұмабеков.
Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz