АймақЖаңалықтар

Аймақта жаңа қоқыс полигондары салынбақ

Қарағанды облысында 168 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бар. Жинақталған қоқыстардан құтылу үшін жаңалары салынады. Алдағы жылдары алты қоқыс нысанын салу жоспарланған.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бақтияр Санбаев мәлімдеді.

– Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару – Қазақстан Республикасының “жасыл экономикаға” көшуі жөніндегі тұжырымдаманың басты тармақтарының бірі. Қоқысты қайта өңдеу мен кәдеге жарату үлесін арттыру үшін “Жасыл Қазақстан” ұлттық жобасында шаралар қарастырылған. Қарағанды облысында сұрыптау желілері бар қосымша алты ҚТҚ полигонын Балқаш, Абай, Қарқаралы, Бұқар Жырау, Шет және Нұра аудандарында салу жоспарлануда, – дейді Бақтияр Санбаев.

Оның айтуынша, жобалар Абай мен Шет ауданда бірінші болып жүзеге асырылады. Полигондардың құрылыс жұмыстары ЖСҚ мемлекеттік сараптамасының қорытындысын алғаннан соң, 2024 жылы бастау жоспарлануда. 

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button