АймақҚарағанды

Аймақта шілде айының басынан бастап санитарлық нормаларды бұзғаны үшін 900-ден астам хаттама толтырылды

Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында абаттандыру ережелерін сақтау бойынша рейдтік жұмыстар жалғасуда. Шілде айының сегіз күні ішінде тәртіп сақшылары 900 хаттама толтырып, 20 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салды. Қазірдің өзінде 11 млн теңгеден астам айыппұл төленді.

Сурет: arbatmedia.kz

Барлық меншік нысанындағы ұйымдардың басшыларымен жұмыс жүргізілуде.

– Бизнес өкілдеріне қатысты 229 хаттама жаздық. Олар дүкен, сауда үйлері, ойын-сауық мекемелері, сұлулық салондарының иелері. Айыппұл сомасы шамамен миллион теңгені құрады. ПИК-тің бес төрағасы және кіреберіс бойынша үш әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ПИК-тің 30-дан астам төрағасы ескерту алды. Айыппұл 811 560 теңге. Полицейлер барғаннан кейін 50 ПИК аумақты тазалады, – деді Қарағанды облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайырбек Шәкенов.

Контейнерлік алаңдарды уақтылы жинамағаны және қоқыс тазаламағаны үшін облыс орталығын абаттандыруға жауапты кәсіпорындардың бірінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ғимараттардың қасбеттерін тиісінше ұстамағаны үшін жеті хаттама жазылды, 258 мың теңгеге айыппұл салынды.

Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» акциясы басталғаннан бері оған 149 мың адам және 10 мыңнан астам кәсіпорын қатысты. Тазалауға 1433 техника жұмылдырылды.

367 рұқсат етілмеген полигон жойылып, 70 мың тонна қоқыс шығарылды. 1102 контейнер және 278 контейнер алаңы орнатылды. 24 мыңнан астам ауланың, 273 саябақ пен гүлзардың аумағы тазартылды. 441 тарихи-мәдени ескерткіш жөнделіп, ретке келтірілді. 131 мыңнан астам ағаш және 7 мыңнан астам көшет егілді. Жалпы ауданы 1623 мың шаршы метр болатын 125 су айдыны тазартылды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button