АймақЖаңалықтарНұра

Нұра ауданында құс ауруы тіркелді

Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Ахмет ауылының аумағында құстардың арасында болатын Ньюкасл ауруының белгілері анықталды. Осы мақсатта жергілікті жердің әкімдігі ауылға карантин енгізу туралы шешім шығарған.

Ньюкасл ауруы – тауық тұқымдастығына жататын құстардың бәріне тән ауыр өтетін және жұғатын ауру.  Ол тыныс алу жүйесіне, асқазан-ішек жолдары мен жүйке жүйесіне әсер етіп, құстардың жаппай қырылуына себепші болады.

– Құстар арасында Ньюкасл ауруының анықталуына байланысты Ахмет ауылының аумағында карантин енгізілсін, – делінген жергілікті әкімдіктің қаулысында. 

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button