Аймақта өрт жиі тіркелуде

Демалыс күндері облыстық төтенше жағдайлар департаментіне аймақтан 129 қоңырау түскен. Оның 112-сі – өрт жағдайы болса, 15-і – авариялық құтқару жұмыстары. Іздестіру жұмыстары бойынша 2 қоңырау түсіп, нәтижесінде 3 адам құтқарылған. Оның біреуі – бала. 

Қарағандыдағы «Оптимист» саяжай қоғамында ағаш шатырлы саяжай өртке оранып, өрт 50 шаршы метр жерді шарпыған. Сонымен қатар, аумағы 30 шаршы метр болатын алқап қоса жанып кеткен. Абырой болғанда зардап шеккендер тіркелмеді. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда. 

Балқаш қаласындағы «Степная» көшесіндегі тұрғын үйдің ауласындағы ағаштан тұрғызылған қора өртеніп, 15 шаршы метр аумақты алып кетті. Өрт мүлік иелері от жаққанда қауіпсіздік ережелерін дұрыс пайдаланбағандықтан шыққан көрінеді. 

Қарағандыдағы «Резника» көшесіндегі 2 қабатты тұрғын үй өртенген. Салдарынан үй жанындағы ағаш пен қора жанып, 180 метр жерге шарпыған. Одан қала берді, өрт маңайдағы қоқыс үйіндісіне өтіп, 100 шаршы метр жер жанып кеткен. Мамандар бұл жағдайды отты қауіпсіздік ережесіне сай пайдаланбағандықтан орын алған деп түсіндірді. 

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.