Бас тақырып

Аймақта колониядан қашып кеткен тұтқын іздестірілуде

Қарағанды облысында Долинка кентінде орналасқан ең төменгі қауіпсіздік мекемесінен тұтқын қашып кетті.

Сурет: zmina.info

Аймақта екі күннен бері елді мекендерден қылмыскерді іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Тұтқынның қашып кетуі туралы ақпаратқа Қарағанды облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, сотталған адам жұмыстан кейін колонияға оралмаған.

– Жалтару, атап айтқанда жазасын өтеушінің жұмыс орнынан ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне оралмауы фактісі бойынша іздеу іс-шаралары жүргізілуде. Мекеменің жеке құрамы мен ҚАЖД жұмылдырылды, – дейді Қарағанды облысы ҚАЖД баспасөз қызметі.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button