Жаңалықтар

Аймақта көші-қон заңнамасын бұзған 363 жағдай анықталды

Қарағандылық полицейлер заңсыз көші-қонның алдын алу және жолын кесу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында «Нелегал» жедел-іздес­тіру шарасын жүргізген болатын. Нәтижесінде облыс бойынша көші-қон заңнамасын бұзған 363 жағдай анықталды.

– 363 құқық бұзушылық тіркелді. Атап айтсақ, көші-қон заңнамасын бұзған 248 шетелдік, сондай-ақ, әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылған 115 Қазақстан азаматы бар. Одан бөлек, 32 шетелдік ел шегінен шығарылды, – дейді облыстың полиция департаментіне қарасты көші-қон полициясы басқармасының бастығы Ерлан Оразбаев.

Заңнамада шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалар уәкілетті органдарды үш күн мерзімде міндетті түрде хабардар етуі көзделгенін айту керек. Бұл хабарлама шетелдіктің Қазақстан Республикасында уақытша тұруына рұқсат беретін құжат болып табылмайды. «Хабарламаны E-Qonaq мобильді қосымшасы немесе электрондық үкімет порталы арқылы ресімдеуге болады», – дейді басқарма бастығы.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button