Ресми

Аймақта инвестициялық жобалардың жол картасы аясында 160 млрд. теңге сомасындағы 67 жоба жүзеге асады

Ауыл шаруашылығы саласын дамыту, түрлендіру, бағдарламаларды тиімді пайдалану арқылы мал басын арттыру, өнім өндіру, дәнді дақылдарды өсіру мен өңдеу жұмыстарын жүзеге асыру – міндет. Бұл міндет алдағы үш жылдықта 1867 жаңа жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылығы

Жол картасында мал шаруашылығына басымдық берілген. Жалпы құны 42,5 млрд. теңге болатын 30 жоба бар. Осы жобалар арқылы 1350 жұмыс орны ашылады. Өсімдік шаруашылығында 29 тың жобаны іске асыруға 73,6 млрд. теңге қарастырылуда. Онда 376 жаңа жұмыс орны ашылады. Үшжылдық картада қайта өңдеу саласы да қамтылған. Бұл бағытта 73,6 млрд. теңгенің 8 жобасы бар.

Аймақта мал басының өсіп, егін алқабының көлемі артқан. Сәйкесінше, ауыл шаруашылығы саласына тартылған инвестиция көлемі де ұлғайған.

Бүгінде 2,9 млрд. теңге сомасындағы 8 жоба жүзеге асырылды. Оның ішінде, 1,9 млрд. теңгені құрайтын 21 мың тонналық 2 ірі картоп сақтау қоймасы салынды. Бұл – Бұқар жырау ауданындағы құны 1 млрд. болатын «Лайф Актив» ЖШС. Қойманың сыйымдылығы – 7600 тонна. Екіншісі – Шет ауданындағы құны 900 млн. теңге 13 400 тонналық «Шерубай Су» ЖШС-не тиесілі. Нұра ауданында 120 басқа арналған асыл тұқымды репродуктор бойынша 2 жоба қолға алынды. Құны 50,7 млн. теңге. Бұқар жырау ауданында құны 750 млн.теңгені құрайтын суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша 2 жоба. Ақтоғайда құны 82 млн. теңге, өнімділігі тәулігіне 1200 литр қымыз өндіретін цех, Абайда құны 130,0 млн.теңгені құрайтын суармалы жерлерді қалпына келтіру жобасы жүзеге асты.

Сағыныш ӘБІЛ,
Ortalyq.kz

Автордың «Агроөнеркәсіп өрісі кеңейеді» атты мақаласынан.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button