Жаңалықтар

Аймақта еліміздегі алғашқы виртуалды балабақша іске қосылады

Қарағанды облысы елімізде бірінші болып «SabiDamu виртуалды балабақшасы» онлайн-платформасын іске қосады. Бұл туралы мұғалімдердің облыстық тамыз кеңесінде белгілі болды.

Сурет: baigenews.kz

Балабақшаға бармайтын бүлдіршіндердің ата-аналарына көмек көрсету мақсатында жас ерекшеліктеріне қарай оқу-тәрбие жұмыстарына арналған бейне, аудио, ертегілер, тесттер, түрлі тапсырмалар мен материалдардан тұратын веб-нұсқа және мобильді қосымша әзірленуде.

– Бұл алаң балабақшаға бармайтын балаларға арналған. Балабақшаларда жинақталған тәжірибені онлайн форматқа көшіреміз. Логопед пен психологтың жұмысын да автоматтандырғымыз келеді. Ата-аналар өз сұрақтарына жауап ала алады, – дейді «Өрлеу» серіктестігінің басшысы Фарида Ақшолақова.

Виртуалды балабақша жұмысын қаңтар айында бастайды деп жоспарланып отыр. Қарағанды облысында 404 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оларда 35 мыңнан астам бала қамтылған.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button