АймақШет

Аймақта асыл тұқымды жылқы ұрлаған барымташылар ұсталды

Қарағанды облысында асыл тұқымды арабы  бәйге атын ұрлап, сойып алған күдіктілер ұсталды.

Суреттер: облыстық полиция департаментінен

Қарағанды облысы, Шет аудандық полиция бөліміне 30 жастағы аудан тұрғыны арызданып, белгісіз біреулер халықаралық бәйгеге дайындап жүрген тұлпарын ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын 1 миллион 500 мың теңгені құраған.

– Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 және 54 жастағы азаматтар ұсталды. Олардың барлығы Шет ауданындағы блок бекетте қолға түсті. Күдіктілер ұрланған жылқыны сойып, мүшелеп тастағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, – дейді Қарағанды облыстық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Аслан Өскембаев.

Сондай-ақ, басқарма басшысының айтуынша, жыл басынан бастап облыс аумағында 644 бас мал ұрланып, оның 547-сі иелеріне қайтарылған. Мал ұрлығының алдын алу мақсатында 13 қыркүйек пен 30 желтоқсан аралығында облыс аумағында «Мал ұрысы» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара аясында өңірдегі автожолдарға 17 жылжымалы бекеттер қойылды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button