Жаңалықтар
Аймақта 8 ақпанда электр сиреналары қосылады
Қарағанды облысында «Көктем» командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында 8 ақпан күні сағат 12:55-те дыбыс беретін электр сиреналары қосылады.

– Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары! Төтенше жағдайлар департаменті 8-9 ақпан аралығында облыс аумағында «Көктем» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатқанын хабарлайды. Аумақтық деңгейдегі ескерту жүйесінің «Барлығыңыздың назарына!» сигналына дайындығын тексеру мақсатында 8 ақпан күні сағат 12:55-те барлық қолда бар дыбыстық электр сиреналары іске қосылады, – деп хабарлады ведомстводан.
Осыған орай, департамент сіздерден сабырлық сақтап, дүрбелең мен қауесеттерге берілмеуді сұрайды.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.