Жаңалықтар

Аймақта 8 ақпанда электр сиреналары қосылады

Қарағанды облысында «Көктем» командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында 8 ақпан күні сағат 12:55-те дыбыс беретін электр сиреналары қосылады.

Сурет: ТЖД

– Құрметті Қарағанды ​​облысының тұрғындары мен қонақтары! Төтенше жағдайлар департаменті 8-9 ақпан аралығында облыс аумағында «Көктем» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатқанын хабарлайды. Аумақтық деңгейдегі ескерту жүйесінің «Барлығыңыздың назарына!» сигналына дайындығын тексеру мақсатында 8 ақпан күні сағат 12:55-те барлық қолда бар дыбыстық электр сиреналары іске қосылады, – деп хабарлады ведомстводан.

Осыған орай, департамент сіздерден сабырлық сақтап, дүрбелең мен қауесеттерге берілмеуді сұрайды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button