Бас тақырып

Аймақта 500 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды

Қарағанды облысында 2023 жылы 542,9 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Ламбеков облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа өткен жылдағы жұмыс қорытындысы мен 2024 жылға арналған жоспарлары туралы баяндады. Басқарма басшысының айтуынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы, коммерциялық және жеке тұрғын үй құрылысына арналған жерлерге тұрақты мониторинг жүргізіледі.

Сурет: zakon.kz сайтынан

Өткен жылы қала және аудан әкімдіктері 127 аукцион өткізіп, 385 млн 796 мың теңгеге 90,3 га 198 жер телімі сатылған. Биыл 64,7 гектар жер учаскелеріне 70-ке жуық аукцион өткізу жоспарлануда.

Ауыл тұрғындарын жайылыммен қамтамасыз ету үшін қандай шаралар атқарылуда?

Елді мекендерде жайылымның тапшылығы 750,9 мың гектарды құраса, оның 195,6 мың гектары асыл тұқымды мал өсіруге жетпейді екен. Осыған орай ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен 107,8 мың га алқапқа бірлесіп пайдалану туралы меморандумдар жасалған. 11,6 мың гектар аумақта мал жайылымдары ұйымдастырылып, тағы 63,4 мың гектар жер ауылдық округтерге уақытша тегін пайдалануға берілген. «Жайлау» пилоттық жобасы Бұқар жырау және Осакаров аудандарында жүзеге асырылып, шаруашылық жайылымдары бөлінген және қоймасы бар қорамен, екі адамға арналған тұрғын жылжымалы вагондармен, генератормен, суару үшін құдықтармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, Ақтау кентінің тұрғындарын жайылымдық жермен қамтамасыз ету үшін Бұқар жырау ауданындағы 750 гектар жайылымдық жерлерді бірлесіп пайдалану туралы меморандумдар жасалған.

Пайдаланылмаған жерлер қалай қайтарылады?

Пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2023 жылы 542,9 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарған. 2024 жылға бекітілген қайтарым жоспары 165 мың гектарды құрайды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button