Медицина

Аймақта 5 емхана ашылады

Қарағандыда және Жезқазғанда сәулелік диагностика, ал, профессор Х.Мақажанов атындағы клиникада гемодиализ орталығы ашылады. Сонымен қатар, облыста 5 жаңа емхана, 4 фельдшерлік-акушерлік пункт салынады. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаев жаңа денсаулық сақтау нысандары және жас білікті мамандарды тарту туралы айтып берді.

Аймақтың денсаулық сақтау жүйесі соңғы бірнеше жыл бойы коронавирусқа байланысты стресстік жағдайда өмір сүріп келеді. Дегенмен, облыста жаңа емханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер және басқа да объектілер ашылуда. Осы жылға қандай мақсаттар қойылды?

Осыған орай біз облыстық балалар ауруханасының құрылысын аяқтауға ниеттіміз. Сондай-ақ, аумағында операциялық-реанимациялық блок салынатын онкологиялық диспансерді жаңғырту жөніндегі жобаны іске асыруды жалғастырамыз. Бұл қазіргі заманға сай жабдықталған, ауданы 4,5 мың шаршы метр төрт қабатты ғимарат болады. Сондай-ақ, онкодиспансерде позитронды-эмиссиялық томография бөлімі жұмыс істейді. Сәулелік терапияда қолданылатын жаңа сызықтық үдеткіш орнатылады. ПЭТ КТ және желілік үдеткіш МЖӘ аясында іске асады. Сонымен қатар, №1 қалалық ауруханада заманауи талаптарға сәйкес келетін жаңа қабылдау бөлмесі ашылады.

Биыл қандай жаңа денсаулық сақтау нысандары пайдалануға беріледі?

Біз Абай ауданының Юбилейное, Шет ауданының Төменгі Қайрақты, Бидайық ауылдарында және Жаңаарқа ауданының Жаңаарқа кентінде төрт фельдшерлік-акушерлік пункт салуды жоспарлап отырмыз. МЖӘ бойынша Қарағанды, Теміртау және Балқашта қадамдық қолжетімділікте бес емхананы ашу көзделуде. Бұл мақсаттарға 2 млрд-тан астам жеке инвестиция тартылады. Жезқазғанда көпсалалы аурухана жанынан перзентхана бөлімшесі де іске қосылуы тиіс. Сондай-ақ, қазір қалада екі қабатты ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілуде, онда облыстық онкодиспансердің филиалы болады. Қарағандыда облыстық клини калық аурухананың перзентханасын қайта құру аяқталуда. Онда жедел гинекологияның амбулаториялық орталығы болады. МЖӘ аясында Қарағанды мен Жезқазғанда сәулелік диагностиканың екі орталығы, сондай-ақ, Мақажанов клиникасында гемодиализ орталығы ашылуы тиіс.

Кадр тапшылығы мәселесі қалай шешілуде?

Медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін мамандарды қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету басты назарға алынады. Өткен жылы жас дәрігерлер 199 жайлы пәтер алды. Кезекте екі өзекті жобаны жүзеге асыру тұр. Біріншісі – биыл Жезқазғанда 28 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау. Екіншісі – облыстық балалар ауруханасы стационарының ғимаратына 100 пәтерді жайластыру үшін қайта жаңарту. Жалпы, өткен жылы облысқа 400 дәрігер, оның ішінде резидентураны бітіргеннен кейін 189 маман келді. Кадрлардың жетіспеушілігі мәселесін бір күнде шешу мүмкін емес, бірақ бұл бағытта нақты жұмыс жүріп жатыр. Белгіленген барлық міндеттерді орындау облыстың денсаулық сақтау саласына кезекті қадам жасауға мүмкіндік береді. Халық тұратын жеріне қарамастан, мемлекет кепілдік берген медициналық көмекті толық алуына ықпал етеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button