Бас тақырыпЖаңалықтар

Аймақ тұрғындарына жедел жәрдем шақыру неге қиындап кетті?

Облыс тұрғындарына жедел жәрдем шақыру неліктен қиын және жедел жәрдемді басқаша қалай шақыруға болатыны айтылды. Соңғы кездері диспетчерлердің жауап бермейтіні туралы шағымдар жиілеп кетті. Бұл туралы облыстық жедел медициналық жәрдем қызметі хабарлады. Мониторинг жүргізіліп, кедергі келтіретін бірқатар қателер анықталды.

Сурет: azh.kz

– Көптеген қоңыраулар автоматты түрде төтенше жағдайлар департаментінің бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің – 112 телефон нөміріне бағытталатыны анықталды. Ұялы байланыс операторларының ресми ақпаратына сәйкес, оған себеп  қытайда жасалған смартфондар. Осындай мәселеге тап болған кезде терілген нөмірдің алдына 9 префиксін қосу керек: 9103 – жедел жәрдем; 9102 – полиция; 9101 – өрт сөндіру бөлімі, – деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясынан.

Сондай-ақ облыс тұрғындарына жедел қызмет нөмірлерін смартфонның мекенжай кітабында сақтау ұсынылады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button