Медицина

Аймақ тұрғындары КТ және МРТ зерттеулерінен тегін өтті

МӘМС жүйесін енгізумен Қарағанды облысының тұрғындары үшін КТ және МРТ қолжетімді бола түсті. Өткен жылы пациенттер 123,5 мың рет тегін зерттеулерден өтті.

Сурет: inbusiness.kz

Медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгенге дейін КТ және МРТ-ға тегін жолдамалар шектеулі мөлшерде және азаматтардың әлеуметтік қорғалмаған санаттары үшін ғана берілетін.

Салыстыра кетсек, өткен жылдың бірінші тоқсанында Қарағандының № 1 көпсалалы ауруханасында бұл зерттеулерден 974 пациент өтті. 2020 жылдың осы кезеңінде олардың саны 200-ге де жетпейтін. Барлығы 2022 жылы көпсалалы ауруханада 2 мыңға жуық сақтандырылған пациент КТ және МРТ-дан өтті. Дәрігерлер зерттеулер санының өсуін медициналық қызметтердің қолжетімділігінің артуымен байланыстырады.

– Бұл жерде кез келген зерттеулер пациенттің қалауы немесе талабы бойынша емес, айғақтар бойынша жүргізілетінін еске салғым келеді. КТ және МРТ жүргізу қажеттілігі бар ма, оны дәрігер бекітілген стандарттар мен диагностика және емдеу хаттамаларына сәйкес анықтайды, – дейді Қарағанды № 1 көпсалалы емхана директорының орынбасары Радмила Ғабдракипова.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button