Ресми

Аймақ спортының үздіктеріне құрмет көрсетілді

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын мен басқарма басшысы Темірхан Абылаевтың қатысуымен 2023 жылға қорытынды жасап, жыл үздіктерін марапаттады. Сонымен қатар, биылғы жылдың міндеттері бойынша алқа отырысы өтті.

Аталмыш шараға қалалық және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің, спорт ұйымдарының өкілдері қатысып, атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді. Есеп беру жұмыстары аяқталғаннан кейін үздік спорт қайраткерлері марапатталды.

«Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы Ізбасар Шәкенов «Дене шынықтыру мен спортқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Теміртау қаласындағы ескек есу спортынан олимпиадалық резерв мектебінің басшысы Сағат Абдрахманова, облыстық мүгедектер спорты мектебін басқаратын Елена Фархутдинова мен оның орынбасары Жанат Жұмабековке «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі табысталды. Сонымен қатар, дәл осы марапатқа жеңіл атлетикадан олимпиадалық резерв мектебінің басшысы Нұрлан Түсіпов пен жекпе-жек мектебінің жаттықтырушысы Сәрсенбек Жақыпов ие болды.

2023 жылы ерекше көзге түскен тағы 14 адамға Туризм және спорт министрлігінің, облыс әкімі мен басқарма басшысының алғыс хаты мен грамотасы табысталды. Одан бөлек, аты аңызға айналған 70 жастағы марафоншы Жаманбек Төлеутай, каратэден белгілі жаттықтырушы Виктор Ешкин, облыстық дзюдо федерациясының президенті Тимур Тұрсымбаев, меценаттар Сәуле Ахметова мен Талғат Байшолақовқа да құрмет күрсетілді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button