Жаңалықтар

Аймақ басшысы жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

1 маусымнан бастап Қарағанды облысының 172 мың оқушысы үшін демалыс басталады. Облыс әкімдігіндегі аппараттық кеңесте өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жазғы демалыс кезінде кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін бақылауды күшейтуді тапсырды.

– Балалар жазда далада көп уақыт өткізеді. Оларға барынша қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету қажет, – деді Ермағанбет Бөлекпаев. – Жолдардағы, су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Мүмкіндігінше көп балаларды мәдени-бұқаралық іс-шараларға тарту, оларды үйірмелер мен секцияларға жұмылдыру, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі туралы ата-аналармен әңгіме жүргізу қажет.

1 маусымнан бастап 172 мың оқушы үшін демалыс басталады. Оның 7 мыңнан астамы – 11-сынып түлектері. Жазғы демалыспен және жұмыспен 150 мыңға жуық кәмелетке толмағандар қамтамасыз етіледі. Оның ішінде 7 мыңнан астамы қала сыртындағы сауықтыру лагерлеріне жіберіледі, ауыл мектептерінен 500 оқушы “Қазақстан халқына” қорының қаражаты есебінен демалады.

Сондай-ақ, өңірде 5 маусымнан бастап мектеп жанындағы лагерьлер ашылады. Облыста алғаш рет олар ерекше білім беру қажеттіліктері бар 360 балаға арналған арнайы мектеп-интернаттар базасында жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, маусым айында өңірде “Қауіпсіз жаз”, “Қауіпсіз аттракцион”, “Қауіпсіз лагерь”, “Қауіпсіз алаң” ауқымды профилактикалық акциялары өтеді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button