Жаңалықтар

Аймақ басшысы қаза тапқан өрт сөндірушінің үйіне барып, отбасына көңіл айтты

Қарағанды облысы мен Саран қаласының әкімдіктері, Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті дала өртін сөндіру кезінде қаза тапқан 24-ӨСБ азаматтық қорғау сержанты Хали Хайраттың отбасына көңіл айтады.

Сурет: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Қаза тапқан өрт сөндірушінің үйіне облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, оның орынбасары Әлібек Әлденей және Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов барды.

– Хали Хайраттың өртті сөндіру кезінде көрсеткен ерлігі – нағыз батылдық пен жанқиярлықтың үлгісі. Ол өз өмірін адамдарға қызмет етуге және туған жерін қорғауға арнады. Осы қайғылы сағатта біз қайғы азабын Халидің туыстарымен бөлісеміз, әрине, біздің сөздеріміз бен қолдауымызбұл отбасына ардақты ұлы, аяулы әкені қайтармайды. Ол туралы естелік жарқын болсын, ал құтқарушылардың келесі буыны оның ісін жалғастыра берсін! – деп Ермағанбет Бөлекпаев Хали Хайраттың отбасына көңіл айтты.

Марқұмның отбасына жерлеу іс-шараларын өткізуге барлық қажетті көмек көрсетіледі. Үйде фельдшерлік және психологиялық қызметтер кезекшілік етеді. Отбасын қолдау бойынша барлық қажетті шаралар Қарағанды облысы әкімдігінің тұрақты бақылауында.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button